Есірткісіз қоғам челленджін каратэ спортының чемпиондары қолдады

Есірткісіз қоғам челленджін каратэ спортының чемпиондары қолдады.
Шымкент полицейлері бастаған есірткіге қарсы челленжді спортшылар белсенді түрде қолдап келеді. Олар ұлт саулығы мен ұрпақ болашағына бей-жай қарамайтынын жеткізіп, жас буынды спортқа шақырып үндеу жолдауда.
Біз қылмысқа қарсы қоғам болып күрескенде ғана нәтижеге қол жеткіземіз.
Каратэ спортының чемпиондары адам жаман әдеттерден және өзіңе зиян келтіретін сыртқы және ішкі әдеттерден қорғануы маңызды екенін түсіндірді. Денсаулыққа саналы қарап спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене бабында болуына жағдай жасау керек екенін айтты. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығынды өз қолыңмен құрту болып есептелінеді.
Мен есірткі жайлы және оның зиянды екенін түсіндіргім келеді. Атап айтар болсақ, көбісі темекі шегумен, арақ ішумен, тіпті наша шегумен рахаттанатынын жіті білесіздер. Оның адам ағзасына кері әсерін тигізетінін, адам өмірін бақытсыздыққа әкеп соғатынын және есірткіге тәуелді болған жандар үшін бәрі кеш екенін, емделу өте қиынға соғатынын,тіпті соңы өліммен аяқталатынын айтқым келеді.
Ең өкініштісі Қазақстанға сол қарғысатқыр есірткіні өзіміздің азаматтарымыз шет елдерден әкеліп сататыны. Менің ойымша бір тәуелді болған адам өмір бойы соған тәуелді болып қалады. Ол деген адамның миын кептіріп, улайды. Дәл осы уақытта уайымдататын мәселелердің бірі-денсаулық мәселесі. Қай елде болмасын, денсаулық мәселесі бірінші орында тұрады. Себебі дені сау ұлт қалыптаспайынша, болашағы жарқын мемлекет болмайтыны анық. Халқымыздың: «Денсаулық-зор байлық», «Ден саудың жаны сау»-деген сөздері бекер емес. Шынында да, адамның қолындағы баға жетпес байлығы ол денсаулық екенін әрбіріміз түсіне білуіміз керек. Есірткі есірткі дейміз ау, есірткіден бұрын темекі адам ағзасын улап өкпе мен бауырды улап, кейін жаман ауруға ұласады.



