Новости

Есірткісіз қоғам челленджін эстрада жұлдыздары да қолдады

Шымкенттік полицейлер бастаған челленджді қолдаушылар саны бүгін де 40-тан асты.

Оның ішінде, өнер жұлдыздары, спортшылар, әзілкештер мен, Әлем чемпиондары да бар. Бұл жолы әсем үнді әншілеріміз Талғат Жорабаева, Бағлан Жолдасов, Астана Қарғабай жастарды есірткіден аулақ болып, алтын уақыттарын пайдалы дүниелерге жұмсауға шақырды.

«Есірткінің зиянды екенін білсе де, пайдаланушылар қатары азаяр емес. Себебі есірткіні сататындар оны қолжетімді қылу үшін түрлі тәсілдерге барады. Алғашқыда тегін беріп елітеді. Бас тартқан жастарға «Сен әлі баласың ба? Осы затты қазір көрмегенде қашан көресің?», — деп ар-намысына тиеді. Жас өрен мұндайды намыс көріп, содан есірткіге қалай тәуелді болып қалғанын білмей қалып жүр. Ал кейбір үлкендер болса, өмірдің қиыншылығын өзінше сол зат арқылы жеңілдетпек.

Статистикаға көз жүгіртсек, синтетикалық есірткіге тәуелділердің басым көпшілігі 14-21 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бейресми деректерге сенсек, еліміздегі жастардың 60 пайызы есірткіге тәуелді.

Қазір бұл зиянды затты сатушылар азаймай тұр. Өйткені оңай ақшаға қызығады. Ал бұларды тоқтау үшін біз не істей аламыз? Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында есіркінің зияны туралы ақпараттандыру жұмысы қай деңгейде өтіп жатыр?»-деді.

Меніңше, есірткіге тосқауыл қою үшін оны сататындар мен тарататын адамдардың жолын бөгейтін заң енгізіп, тауарды сатып жүрген сайттарын жабу қажет. Жуырда елімізде есірткіні жарнамалайтын және тарататын сайттың еркін жұмыс жүргізіп жүргені белгілі болды.  Есірткіні қолданған адамдар біріншіден, денсаулығы нашарлайды, екіншіден, нашақордан дүниеге келген бала науқас болады немесе ұзақ өмір сүре алмайды. Есірткіні көп мөлшерде қолданған адам есінен адасады, өз өміріне, туған-туыстарына кері әсерін тигізеді. Ақырында өлімге душар болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button