Новости

Үшінші мегаполисте «жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Шымкент қаласы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Жазғы демалысқа шыққан жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың арасында түрлі заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осыған байланысты, ЖПҚБ Ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен түнгі уақытта рейд жұмыстары жүргізіліп, ойын-сауық орындары мен шаһар аумағы тексерілді. Аталған шараның бір тәулігінде кәмелетке толмағандарға қатысты 66 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, қадағалаусыз жүрген 6 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 11 бала және 5 қолайсыз отбасы ІІО-ның есебіне қойылды.

Мәселен, Қаратау АПБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген рейд барысында түнгі сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық мекемесінде болған 6 жасөспірім анықталып, олардың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы» бойынша хаттама толтырылды. Бұған қоса, 4 ойын-сауық орындарының иелері әкімшілік кодекстің 132-бабымен жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 57 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкенттік полицейлер ата-аналарды балаларына және олардың тәрбиесіне назар аударуға шақырады. Кәмелетке толмаған балалардың түнгі сағат 22:00 ден кейін үйде болуын қадағалауды ескертеді.

Шымкенттен Түркістанға синтетикалық есірткі тасымалдаған 54 жастағы әйел 10 жылға сотталды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қаратау ауданы көшелерінің бірінде есірткі курьерін ұстады. Жедел уәкілдер әйелден белгісіз зат салынған 40 полиэтилен пакетін тәркіледі. Кейін сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені анықталды. Тергеу барысында 1969 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны Telegram арнасы арқылы жұмыс іздегені белгілі болды. Нәтижесінде ол интернетте оңай әрі жылдам ақша табуды ұсынған белгісіз біреумен танысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button