Новости

Қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберлері есірткіге қарсы

Шымкент полицейлері бастаған #Есірткісізқоғам челленджін қолдаушылардың басым көпшілігі спортшылар. Соның ішінде қоян-қолтық ұрыстан халықаралық және республикалық дәрежедегі спорт шеберлері бар.

Сауран Арапбай және Шоңдыбай Асыл есімді үздіктер бейне үндеу арқылы есірткіге қарсы екендерін жеткізді.

Өз кезегінде шымкенттік сақшылар нашақорлыққа қарсы күресте үнсіз қалмаған барша қолдаушы азаматтарға алғыс білдіреді. Сондай-ақ, жастарды есірткіден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Қоян-қолтық ұрыстан халықаралық және республикалық дәрежедегі спорт шеберлерінің айтуынша, қазіргі таңда есірткі адамның сана сезімін улап тастаған. Есірткіні күніне  тұтынатындарда бар. Алайда ол дұрыс емес. Есірткі кез келген адамның денсаулығын,көңіл-күйін  бұзады. Сондай-ақ , адамды түрлі ауруға шалдықтырады. Тіпті бұның соңы өлімге дейін әкеп соқтырады.    Химиялық заттарды қолданған адам тез шаршайды, әлсірейді, бас ауруы пайда болады. Тіпті есірткіні бір рет пайдаланғанның өзі оған деген тәуелділікті күн  сайын арттырады. Есірткіге тәуелді нашақор адам айналасындағы адамдарға, табиғатқа зиянын тигізеді.
Бір рет есірткіні пайдаланған адамды оған деген тәуелділіктен ажырату өте қиын, сондықтан ертерек денсаулығын,ұрпағын ойлағаны жөн.
Адам есірткіні не үшін пайдаланады? Жеке өмірінде,отбасы жағдайында қиындықтар мен түсініспеушіліктердің пайда болуынан. Осындай себептермен адам жаман жолға түседі. Есірткі көптеген адамның ауруына,өліміне себепші. Сондықтан есірткінің еш пайдасы жоқ. Қазіргі таңда нашақорлықпен күресіп келе жатқан адамдар бар. Олар үшін денсаулық маңызды. Есірткіге қарсы тұрудың бірден-бір жолы — спорт. Сол үшін кез-келген адам есірткіге жоламай, спортпен шұғылданып, денсаулығы үшін есірткімен күресуі керек, айналасындағыларға бұл жайлы айтып ескертуі қажет. Сонда ғана қоғамда есірткіге тәуелділік азаяды. Осындайда «Дені саудың жаны сау»-деген мақал қалыптасқан .

Басқа жаңалықтар

Back to top button