Новости

Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша 22 басқармада мониторинг жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес сонымен қатар, қала әкімі М. Әйтеновпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жоспардың  ағымдағы жылдың I және II тоқсандық жоспарына сәйкес 22 басқармада мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген мониторинг барысында 784 жұмыс станциялары (компьютерлер, моноблоктар және ноутбуктар) тексерілді. Нәтижесінде 181 жұмыс станциясында операциялық жүйелердің ескі нұсқалары орнатылған және 554 комьютерде вирусқа қарсы бағдарлама орнатылмаған. Сондай-ақ, 255 жұмыс станциясында құпия сөздің болмауы орын алған.

Жалпы, мемлекеттік мекемелердің ақпараттық қауіпсіздікке жауапты мамандары тарапынан 5 басқармада қатаң бұзышылықтарға және 18 басқармада шамалы бұзушылықтарға орын берген.

Сонымен қатар, Басқарманың Instagram (@digital.shymkent) парақшасында ақпараттық қауіпсіздікті сақтау ережелері туралы бейнеролик жарияланған. Және Әкімшілікке қарасты басқармалармен аудан әкімі аппаратындағы жауапты болып бекітілген мемлекеттік қызметкерлермен АҚ талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары 3 тоқсанға жоспарланды.

Бұдан бөлек, 2023 жылы astana hub өкілеттігін ашу бойынша жұмыстар атқаратын болады. Басқарма IT саласына қызығушылық таныту мақсатында 2023 жылы Astana Hub өкілеттігін ашу бойынша жұмыстар атқаратын болады. Оның басты мақсаты технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартаптардың құрылуын қолдау. Нәтижесінде жастардың стартаптарын қолдау және нарыққа шығару, арнайы бизнес курстарынан өтіп, білікті мамандарды даярлау жұмыстарымен айналысатын болады. Қазіргі таңда өкілеттіктің орналасатын жерін анықтау сатысында.

Айта кетейік, sifro заманауи бағдарламалау мектебінде 1650 маман бағдарламалау курстарынан өтетін болады. 2022 жылы Байдибек би, 116 мекен жайы бойынша SIFRO заманауи бағдарламалау мектебі ашылды. Нәтижесінде 2022 жылы 520 жас маман оқытылды. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 3 есе артатын боламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button