Антикор орталығы алаңында кәсіпкерлерді күнделікті қабылдау практикасы енгізілді

«Бизнеске жол» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар қаланың өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста жүргізілуде.
Антикор Орталығы алаңында кәсіпкерлерді күнделікті қабылдау практикасы енгізілді. Нәтижесінде 2600-ден астам (2610) бизнес өкілінің қатысуымен 54 кездесу өткізілді. Жоба аясында 700-ден астам кәсіпкердің мәселелері оң шешімін тапты. Негізінен бизнестің дамуына мемлекеттік органдар жасаған кемшіліктер мен әуре-сарсаңдар кедергі келтіреді. Мемлекеттік қызметшілер қолданыстағы нормалар мен ережелерді сақтамай, шешім қабылдау кезінде жасанды түрде кедергі туғызатын фактілер бар.
Шағын және орта бизнестің жүйелі мәселелерін анықтау бағытындағы жұмыс күшейтілді. Бүгінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жемқорлыққа қарсы мониторинг құралдарын пайдалана отырып шағын және орта бизнестің жүйелі проблемаларын анықтау бойынша жұмыс күшейтілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында білім басқармасының бұйрығы негізінде 506 мектепке дейінгі жекеменшік мекеменің қызметіне мониторинг түріндегі тексерулер жүйелі түрде жүргізілгені анықталды. Сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды болдырмау мақсатында Департаменттің бастамасы бойынша бейінді басқарманың барлық бұйрықтарының күші жойылып, мемлекеттік тапсырыс бойынша шарттар қайта қаралды. Рұқсат етілмеген мониторингтердің тоқтағандығы туралы «Хабарлама-хаттар» жолданды. Аталған фактінің өзектілігіне орай Агенттікке ұсыныс ретінде жолданып, қазіргі таңда басқа аймақтарға да үлгі ретінде таралды.
Биыл Департаментпен бизнес субъектілеріне қатысты заңсыз әрекеттердің 6 фактісі тіркелді. Аталған шаралар бизнестің сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік, сонымен қатар құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз әрекеттерге қарсы тұруға алып келуі тиіс. Өз кезегінде мұндай қолдау жағдайында әрбір кәсіпкер бюджеттік ақшамен жұмыс істеген кезде өз бизнесінің толық ашықтығын қамтамасыз етуі қажет. Проблемалық мәселелер, ұсыныстар болған жағдайда кәсіпкер Call-орталықтың 1424 нөміріне немесе Департаменттің кезекші бөліміне 8(72 52) 98-14-00 нөмірі бойынша хабарласа алатынын тағы да атап өткен жөн.



