Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте бизнестің 25 жүйелі мәселесі қаралды

Өткен жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткізілді, онда бизнестің 25 жүйелі мәселесі қаралды, оның 90 пайызы бизнестің пайдасына оң шешілді. 2022 жылы кәсіпкерлер палатасының қарауына 200-ге жуық өтініштер келіп түсті, оның ішінде оң шешімін тапқан 63,8% құрайды, 85 127 633 теңге сомасына құқықтар қорғалды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау — Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Кәсіпкерлер палатасының қарауына 200-ге жуық өтініштер келіп түсті, оның ішінде оң шешімін тапқан 63,8% құрайды, 85 127 633 теңге сомасына құқықтар қорғалды.
245 шағын және орта ббизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік істерді қозғау және айыппұлдар салу тоқтатылды.
Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы оң кейстер бойынша жұмыстар атқаруда.
Атап айтқанда:
- Әкімшілік Кодекстің 266-бабы бойынша кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту тоқтатылып, 245 шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік істерді қозғау және айыппұлдар салу тоқтатылды.
- 330 шаруа қожалығына суармалы су беруге көмек көрсетілді;
— ART SPORT бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру мәселесін шешуге көмек көрсетілді;
— автотұрақтар (паркингтер)орналасқан жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерін қайта қарау;
- «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ қатысушыларын салықтық әкімшілендіру мәселесі бағамдық айырмаға салық салуға қатысты оң шешімін тапты;
— шетел азаматтарының қатысуымен құрылған компаниялар С5 бизнес визасын алмағаны үшін салық органдарымен кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеуін жою туралы шаралар басталған болатын, бұл мәселе бойынша тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу мәселесі қаралуда.
Сонымен қатар, өткен жылы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің 40 жобасы қаралды, 7 сараптамалық қорытынды ескертулермен, 33 ескертусіз берілді.



