Новости

Шомылуға тыйым салынған орындарға жүйелі негізде патрульдеу жүргізілді

Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған орындарға жүйелі негізде патрульдеу жүргізеді. Рейдке қатысушылардың назары шомылатын жасөспірімдерге аударылады.

Осы ретте қаладағы танымал Қошқар-ата өзенінің бойында профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Жедел-құтқару топтың құтқарушылары, ТЖ мамандары мен әкімшілік және полиция қызметкерлері Қошқар-ата өзенінің рұқсат етілген жерінде шомылуға келген жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелесу өткізіп, ересектерге жас балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы еске салынды.

Баспасөз-туры барысында Шымкент қ.ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Жәнібек Кәрімбаев республикалық «Хабар24» телеарнасына сұқбат берді.

Шомылу маусымында жазатайым оқиғаларды алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы Мадияр Есенгелдіұлы «Бүгінгі әңгіме» бағдарламасына сұхбат берді. Қазіргі таңда қаладағы 9 аквасаябақтардың иелерімен меморандум жасалынып, әлеуметтік осал отбасыларының асуда жүзуге тегін үйрету жұмыстары ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, бүгінгі күні қаладағы өзекті мәселелердің бірі — өрт қауіпсіздік жағдайы. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Мадияр Жақсибаев «Оңтүстік» телеарнасында «Бүгінгі әңгіме» бағдарламасында баяндады.

Қазіргі таңда қала аумағында жылдың басынан бері 79 төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелді, онда 352 адам зардап шекті, оның ішінде 9 адам қайтыс болды, материалдық шығын 124 млн.теңгеден астам құрады.  Төтенше жағдайлардың жалпы санынан 62-сі немесе 72% өрттер құрайды.  Өрттердің негізгі санының 79%-ы тұрғын үй секторында және көлік құралдарында тіркелген. Жану және өрт фактілері бойынша жалпы 152 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 133 ескерту, жалпы сомасы 655 мың 500 теңгеге 19 тұлғаға айыппұл салынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button