Новости

Шымкент құтқарушылары саусағы темір қақпақта қысылып қалған бүлдіршінге көмектесті

Шымкент құтқарушылары саусағы темір қақпақта қысылып қалған бүлдіршінге көмектесті. Құтқару қызметінің «112» пультіне сағат 13:16-да қоңырау түсті. Кішкентай қыз балаға шұғыл көмек көрсету туралы сұранған.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 3 жасар қыздың оң қолының саусағын металл қақпақтың саңылауына салып, оны ала алмағанын анықтады. Нәтижесінде құтқарушылар қолда бар құралдардың көмегімен баланың саусағын босатты. Қызға медициналық көмек қажет емес еді.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді. ТЖ мамандары мен #1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері қатысты бірлесіп аудандағы әлеуметтік осал топтағы отбасының балаларына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қайырымдылық шарасы аясында балаларға тәттілерді сыйлап, ойын-сауық демалыс алаңында түрлі ойындарға қатыстырды.

Шымкенттік құтқарушылар қарт адамға көмек көрсетті. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің « 112» құтқару қызметіне Шымкент қ. Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде есік ашылмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі тез жетіп, пәтер ішінде егде жастағы ер кісі құлап қалғаны және өздігінен есікту ашу мүмкіндігі жоқтығын анықтаған.

Арнайы құрал-саймандармен құтқарушылар пәтерді сыртынан ашып, ішінен тағы да есік болғандықтан 1938 жылғы қарт атаның туысы оны кілтімен ашты. Пәтердің ішінде еденге құлаған 83 жастағы атаға құтқарушылар көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Шымкент қ.ТЖД «101» диспетчерлік пультіне сағат 15:45-те Тұран ауданы, Қазыбек би көшесі бойында құрылысы бітпеген тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына №1 шақырту бойынша күштер мен құралдар жолданды. Оқиға орнында екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрт сағат 17.34_те оқшауланды, сағат 18.45_те сөндірілді.

Өртті сөндіруге Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 47 адам жеке құрамы, 13 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы, қалалық коммуналдық қызметтері жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button