Суға шомылу маусымы: Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Еңбекші ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Асқар Рысбекұлы мен ерікті жастар қатысып, Тоғыс елді мекенінде орналасқан демалыс аймақтарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты — төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсете білудің қарапайым жолдарын үйрету және алдын алу.
— Жазғы маусымда ең қауіпті кезеңдерінің бірі — суға шомылу. Шомылуға рұқсат етілмеген жерлер мен қауіпсіздік шараларын дұрыс ұстанбау нәтижесінің соңы қайғылы жағдайларға соқтырады. Сіздерді барлық қауіпсіздік ережелерін ұстауға шақырамыз, — деді ТЖБ инженері Асқар Рысбекұлы.
Түсіндірме жұмыстары барысында суға шомылу кезеңінің қауіпсіздік ережелері мен оның алдын алу бойынша түсіндіріліп, жаднымалық парақшалар тарқатылды.
Су объектілеріндегі адамдардың қауіпсіздігі мәселесі Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің назарында.
Қайғылы оқиғалардың алдын алу және судағы қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша рейдтер өткізеді, аталған іс-шаралар суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Суда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша ұсыныстар:
– тек рұқсат етілген жерлерде, жайлы жағажайларда шомылыңыз; шымтезек қатты ағыспен, батпақты және өсімдіктер өскен жерлерде шомылмаңыз;
– суға түсу ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы керек, бұл уақыт 3-5 минуттан біртіндеп артуы керек. Олай болмаған жағдайда гипотермия және құрысу, тыныс алу тоқтауы, есінен айырылу болуы мүмкін;
– жағадан алысқа жүзбеңіз;
– жүзіп келе жатқан кемелерге қарай жүзбеңіз;
Судағы қарапайым ережелерді сақтау – Сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі.
Шомылу маусымы кезінде жүздеген тұрғындар демалыс күндері суға жақындайды. Таза ауа, күн, шомылу тек рахат қана емес, сонымен қатар денені қатайтудың жақсы құралы болып табылады. Балалар лагерьлерге, туристік жорықтарға, пикниктерге бармас бұрын, ересектер балаларды су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыруы керек.



