Новости

Полиция әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұрайды

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Шымкент ҚПД қызметкерлері екі қыздың полицияның қызметтік автокөлігіне отырған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтады. Бұл жайт кешкі уақытта болған. Әкімшілік аумақта қызмет атқару кезінде Тұран АПБ патрульдік полиция полкінің автоэкипаж инспекторларынан екі қыз көмек сұраған. Қыздар саябақта белгісіз ер адамдар оларға тиіскенін хабарлаған (ауызша арызданған).

Арызданушылармен бірге жақын маңдағы аумақтарды аралаған тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды таппай, қыздардың өтініші бойынша оларды қауіпсіз жерге түсіріп кеткен. Полиция әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

Шымкентте «Hi-Tech» ЖПІШ барысында полицейлер 43 кибералаяқты әшкереледі. Алаяқтар қылмыс жасау құралы ретінде қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды жиі пайдаланады.

Ақпараттық жүйені пайдаланушының сеніміне қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғуға қатысты заңсыз әрекеттермен күресу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Hi-Tech» іс-шарасын өткізді. Оған криминалдық полиция қызметкерлері, тергеушілер, анықтаушылар және жергілікті полиция қызметі жұмылдырылды. Арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Үш күннің қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен ЖПІШ барысында бұрын жасалған және тіркелген 43 интернет-алаяқтық анықталды. Осылайша, мегаполис полицейлері шымкенттік 2 азаматты алдап, 1 миллион теңгеден астам ақшасын иемденген Түркістан облысының жас тұрғынын ұстады.

Жәбірленушілер бұл туралы полицияға хабарлаған. Қала тұрғындарының айтуынша, оларға белгісіз біреу мобильді мессенджер арқылы хат жазған. Ол өзін сауда нүктесінің қызметкері ретінде таныстырып, тауар сатып алу үшін белгілі бір шотқа алдын ала төлемді аударуды сұраған. Қылмыскер қазір қамауда отыр.

Айта кетейік, мегаполис полицейлері интернеттегі алаяқтық жайттарының алдын алу мақсатында тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button