BasNewsНовости

Токаев направил поздравительную телеграмму Президенту Польши

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды basnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз», – деп жазылған жеделхатта.

 

Back to top button