Новости

Семейде Абайдың 180 жылдығына орай ашық аспан астында кино көрсетілімдері өтуде

Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында 1–10 тамыз күндері аралығында «Aspan Cinema» атты ашық аспан астындағы ұлттық фильмдер көрсетілімі өтуде.

Кинокөрсетілімдер Арбат алаңында, күн сайын сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін ұйымдастырылады. Кешкі уақытта қала тұрғындары мен қонақтарына Абайдың өмірі, мұрасы мен философиясына арналған көркем және деректі фильмдер ұсынылады.

Игі бастама – жастарды хакім Абайдың рухани дүниесіне жақындату, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мәдени кештерді қолжетімді ету мақсатында қолға алынған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Aspan Cinema – бұл тек кино көрсетілім ғана емес, сондай-ақ Абай әлеміне саяхат жасайтын мәдени-танымдық алаң. Көрсетілімдерге кіру тегін, сондықтан әрбір қала тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

Аталған шара – Абай мерейтойына арналған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі. Бұған қоса, қалада концерттер, көрмелер, ғылыми конференциялар мен театрландырылған қойылымдар өтіп жатыр.

📍 Өтетін орны: Семей қ., Арбат алаңы

🗓 Уақыты: 1–10 тамыз аралығы

🕖 Көрсетілім уақыты: 19:00–22:00

🎟 Кіру тегін

Басқа жаңалықтар

Back to top button