Новости

Абайдың 180 жылдығына арналған 180 км ультрамарафон өтті

7 тамыз күні Семейдегі Абай әуежайынан басталған «Abai Joly 100 miles» ультрамарафоны 8 тамызда Қарауылтөбеде аяқталды. Жарысқа елдің түрлі өңірлерінен және шетелден 50-ден астам әуесқой спортшы тіркеліп, 31 адам ғана стартқа шықты. Қатаң уақыт пен қашықтық лимиттерінен өтіп, мәреге тек 8 спортшы жетті.

 

 

Абсолюттік жеңімпаз — Орал қаласынан 31 жастағы Баубек Ильясов, ол қашықтықты 19 сағат 9 минутта жүгіріп өтті. 20–40 жас санатында семейлік Меир Кутуев (20:34:00) жеңіске жетті. 41 жастан жоғары топта астаналық Әсет Төлтебаев пен атыраулық Саламат Сатеков (22:32:22) үздік болды.

 

 

Жарыстың бас жүлдесі — Jetour X50 автокөлігі, ал жүлдегерлер 10 млн теңгелік сыйақы қорын өзара бөлісті. Ардагер желаяқ, 65 жастағы Байзақ Талапнұр 100 000 теңге иеленді.

 

 

Бұл ультрамарафон елімізде үшінші рет өтіп, Қазақстандағы ең ұзақ әрі жоғары сыйақы тағайындалған әуесқой жүгіру жарысы ретінде тарихта қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button