Новости

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

☑️Биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге және «Жастар күніне» орай Түркістанда рухани мәні бар іс-шара өтті. Абай ескерткіші маңында ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі өткізілді. Сонымен бірге облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабын тапсырды.
📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әр шаңырақта Абайдың кітабы мен мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы тұруы керек екенін айтқан болатын. Сол бастаманы Түркістан облысында іске асыру мақсатында қонақтарға, жастарға «Абай жолы» романы топтастырылған төрт томдық кітаптарды тапсыруды жөн көрдік. Бұл кітапты әр оқыған сайын жаңа дүниелермен танысасың, жаңаша ой түйесің. Жастарымыз да кітапты оқып, Абай өмірінің тереңіне үңіледі деп ойлаймын, – деді Нұралхан Көшеров.
☑️Белсенді жастар өңір басшысының рухани мәні бар сыйлығына ризашылықтарын білдіріп, Абай мұрасына адал болатындарын жеткізді. Жалпы, 180 жылдыққа 180 кітап топтамасы шығарылып, жастар мен тұрғындарға үйлестірілді.
☑️Айта кетейік, осы күні ұйымдастырылған кітап көрмесінде Абай Құнанбайұлының өмірінен, шығармашылығынан сыр шертетін маңыналы дүниелер ұсынылды. Абай Құнанбайұлы бейнеленген, ерекше шеберлікпен тігілген қабырғаға ілетін кілемше де көпшіліктің қызығушылығын оятты. Бұл сыйлықты кітапханаға «Бал текстиль» компаниясы тарту еткен.
☑️Осылайша, Түркістан жастары «Абай күні» мен «Жастар күні» мерекелерін рухани-танымдық іс-шарамен өрнектеп, ерекше серпіліп қайтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————-
В ТУРКЕСТАНЕ В ЧЕСТЬ 180-ЛЕТИЯ АБАЯ ЖИТЕЛЯМ РАЗДАВАЛИ РОМАН “ПУТЬ АБАЯ”
☑️В этом году исполняется 180 лет со дня рождения великого казахского мыслителя и поэта Абая Кунанбайулы. В честь этой знаменательной даты и Дня молодежи у памятника Абаю в Туркестане прошла выездная книжная выставка о жизни и творчестве великого мыслителя. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с молодыми активистами региона и вручил им книгу Мухтара Ауэзова «Путь Абая».
📌- Глава государства Касым-Жомарт Кемелович отметил, что в каждом доме должны быть книга Абая и роман Мухтара Ауэзова «Путь Абая». Поэтому мы решили вручить гостям, молодежи четырехтомный роман «Путь Абая». Каждый раз, когда мы читаем это произведение, мы знакомимся с нашей историей. Думаю, для молодежи роман о жизни Абая будет очень интересен, – сказал Нуралхан Кушеров.
☑️Молодые активисты выразили признательность главе региона за такой душевный подарок.
☑️Отметим, к 180-летию Абая в регионе выпустили 180 серий книг, которые роздали молодежи и жителям.
☑️На книжной выставке в этот день были представлены интересные произведения из жизни и творчества казахского мыслителя. Большой интерес вызвал настенный ковер с изображением Абая. Этот подарок был подарен библиотеке компанией “Бал текстиль”.
☑️Туркестанская молодежь выразила приверженность духовному наследию Абая.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Басқа жаңалықтар

Back to top button