ТҮРКІСТАНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ

Бүгін Түркістан қаласында және Түркістан облысының бірқатар аудандарында кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен «Таза Қазақстан — болашақ үшін» атты ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтті. Бұл іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылғае.
Акцияның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару, экологиялық мәдениетті арттыру, сондай-ақ елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және көгалдандыру арқылы ел болашағына үлес қосу. Ауқымды шараға жергілікті кәсіподақ мүшелері, ұйым қызметкерлері, еріктілер мен жастар, АКБ қызметкерлері, сондай-ақ «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысты. Акция аясында аумақтарда ауқымды санитарлық- тазалық жұмыстары жүргізілді.
Кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі өз сөзінде: «Бүгінгі шара — табиғатқа деген қамқорлықтың жарқын үлгісі. Біз тек тазалық жасап қоймай, қоғамды экологиялық жауапкершілікке шақырып отырмыз. Бұл — болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан маңызды қадам», — деп атап өтті.
Айта кету керек, Түркістан облысының кәсіподақ ұйымдары бұл игі бастамаға жұмыла кірісіп, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуды мақсат етіп отыр. Кәсіподақтар алдағы уақытта да осындай экологиялық маңызды жобаларға атсалысып отырмақ.
#ҚазақстанКәсіподақҚозғалысына120жыл
#ҚРКФ35жыл
#ТазаҚазақстанБолашақҮшін
#ТазаКәсіпорынТазаҚазақстан
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі