Новости

Жолдауы жастар үшін жаңа серпін берді.

Жастардың білім алуына, еңбекке араласуына, кәсіп бастауына және әлеуметтік тұрғыда қорғалуына баса назар аударылды.

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Жолдаудағы негізгі бағыттар:

• Цифрландыру және инновация – IT, жасанды интеллект, стартаптарды қолдау. Бұл жастардың жаңа технологияны меңгеріп, заманауи маман болуына мүмкіндік береді.

• Сапалы білім – техникалық және кәсіби мамандықтарға басымдық беріліп, жоғары оқу орындары мен колледждер еңбек нарығына қажет кадрлар даярлауға бағытталады.

• Жастар кәсіпкерлігі – гранттар, жеңілдетілген несиелер, бизнес-жобаларға қолдау. Бұл өз ісін ашуға ынталыларға үлкен мүмкіндік.

• Аймақтық даму – өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылады, жастардың ауылда қалып, өз жерін дамытуына жағдай жасалады.

• Әлеуметтік қолдау – жастарға арналған тұрғын үй, жатақхана, әлеуметтік жәрдемақыларды жетілдіру қарастырылған.

Жолдаудағы бастамалар жастардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.

Мемлекет мүмкіндік беріп отыр, ендігі міндет – жастардың сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ел дамуына үлес қосуы.

 

Мадина ОРАЗХАН,

Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button