Новости

Жезқазғанда ел дамуына үлес қосқан жас буын марапатталды

Жезқазған қаласында жастардың еңбегін бағалау мен азаматтық белсенділігін қолдауға бағытталған «Жалынды жастар» — қала әкімінің сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Шараны Жезқазған қаласы әкімдігі ұйымдастырды.

Марапаттау рәсімінің басты мақсаты — қоғамның түрлі саласында жетістікке жетіп, өз еңбегімен өңір дамуына үлес қосқан жастарды қолдау және олардың бастамашылдығын ынталандыру.

Биыл бұл беделді сыйлық 15 аталым бойынша беріліп, өз саласында үздік нәтиже көрсеткен жастардың есімдері анықталды. Әрбір жеңімпазға 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен арнайы статуэтка табысталды.

Сыйлық иегерлері білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен өнер, ақпараттық технологиялар, бизнес, спорт, журналистика және еріктілік сияқты маңызды бағыттарда табандылық пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетті.

Марапат иегерлеріне алғыс сөздер айтылып, олардың жаңа бастамаларына сәттілік тілегі білдірілді. Шара барысында жастардың белсенділігі мен өз елінің дамуына деген ұмтылысы ерекше атап өтілді.

«Жалынды жастар» сыйлығы — жас буынның қоғамдағы орнын айқындап, олардың еңбегіне деген құрметтің айғағы. Бұл жоба Жезқазғанның шығармашыл әрі жауапты жастарын танытатын, ел болашағына сенім ұялататын маңызды дәстүрге айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button