Новости

Жезқазған қаласының шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті

Қала әкімінің төрағалығымен Жезқазған қаласының шағын және орта бизнес нысандарының иелерімен кездесу өткізілді. Жиын қаланың кәсіпкерлік секторын қолдау, бизнес нысандарын дамыту және қала аумағын абаттандыру мәселелерін талқылауға арналды. Кездесуге шағын және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері және тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қала әкімі кәсіпкерлерді өздеріне тиесілі жер телімдерін таза ұстауға, аумақты абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуге, құрылыс кезінде барлық талаптар мен нормаларды сақтауға шақырды. Сонымен қатар, әкім жергілікті билікпен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жаңа бизнес жобаларын дамыту және қала экономикасын қолдаудың тиімді механизмдерін іске асыру қажеттігін атап өтті.

Кәсіпкерлер өз тарапынан ұсыныстарын айтып, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен кедергілерді жеткізді. Қала әкімінің айтуынша, мұндай кездесу бизнес пен билік арасындағы өзара диалогты нығайтуға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және Жезқазған қаласында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысында қатысушылар өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Әкім кәсіпкерлерге алдағы уақытта да қала дамуы мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда белсенді қатысуға шақырды, ал кәсіпкерлер өз тарапынан жауапкершілікпен әрекет ететіндерін және ұсыныстарды орындауға ниет білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button