Новости

«Күн демей, түн демей дайындалдық»: ауыл бапкері командасының қалай чемпион болғанын айтты

 

Жетісу облысы, Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылынан келген баскетболшы балалар биылғы «Auyl Sport» Республикалық турнирінің нағыз сенсациясына айналды

Тимур Құлыбаев жетекшілік ететін «Halyk» қайырымдылық қоры жүзеге асырып келе жатқан бұл жоба ауылдағы жас спортшылардың шынымен де қанатын қатайтып, жолын ашып отыр

Команда бапкері Бекдос Қабдолда шәкірттеріне деген мақтанышын жасырмады: «Біздің өңірде баскетболға құлшыныс жоғары. Әсіресе Ыбырай Алтынсарин мектебінің балалары ерекше ынталы. Оларды көп жылдан бері жаттықтырып келемін. Тәжірибесі бар, талабы биік нағыз өрендер», – дейді ол

Бапкердің айтуынша, облыстық турнирден кейін балалардың өз-өзіне деген сенімі артып, республикалық додада толық ашылған: «Облыс деңгейінде жақсы ойнадық, сосын балалардың жігері тіпті күшейді. Қорғанысты күшейтіп, прессті дұрыс қойып, қарсыластарымызды ірі есеппен жеңіп отырдық. Әр ойында намыс оты лапылдап тұрды», – дейді Бекдос Қабдолда

Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне бапкер де, ойыншылар да риза: «Auyl Sport» жобасы – ауыл баласының арманына жол ашатын үлкен мүмкіндік. Тимур Құлыбаев ағамызға алғысымыз шексіз. Ұйымдастырушылардың жұмысы өте жоғары деңгейде болды. Балалардың алаңдағы әр қимылынан жаңашыл рух пен жеңіске деген құлшыныс айқын көрінді»

Жеңімпаздарды ауылдастары да зор қуанышпен қарсы алған

«Ата-аналар ерекше ықыласпен күтіп алды. Шарипбаев Ұлан ағамыз балаларға дастархан жайып, ақ тілек айтып, жігерлендірді»

Алдағы мақсат – халықаралық турнир: «Хабарын күтіп отырмыз. Балалар бұл жаңалықты естігелі бері бір де бір жаттығуды қалдырмай дайындалып жүр. Егер шетелге барып, Қазақстанның намысын қорғап қайтсақ – арманның орындалғаны», – дейді бапкер.

Ауыл балаларын бірге қолдап отырайық!

Басқа жаңалықтар

Back to top button