Новости

1 қаңтардан бастап ағымдағы жылы қала аумағында қоқыс шығару қызметін жаңа компания — «Ұлытау ЭкоСервис» ЖШС көрсетуде

1 қаңтардан бастап ағымдағы жылы қала аумағында қоқыс шығару қызметін жаңа компания — «Ұлытау ЭкоСервис» ЖШС көрсетуде. Әлеуметтік желілерде және ТКШ-ның Telegram-чатында қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылмауына қатысты көптеген шағымдар түсуде. Осыған байланысты бүгін ТКШ бөлімінің мамандарымен бірлесіп, жаңа компанияның ҚТҚ шығару жұмысын тексеру мақсатында қала бойынша аралау жүргізілді.

Бұған дейін Батыс ауданның (Царское село) тұрғындарынан ҚТҚ-ның уақытылы шығарылмауына байланысты көптеген шағымдар келіп түскен болатын. Тексеру жүргізілген сәтте аталған ауданның барлық көшелерінен қоқыс толық шығарылғаны анықталды. Қазіргі уақытта бұл аумақта қоқыс шығару сәрсенбі және сенбі күндері айналма тәсілмен, күні бойы бір рейс бойынша жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ №2 шағынаудан мен Алаш көшесі бойынша қоқыс шығару жұмыстары тексерілді. Қала шағынаудандарында қоқыс күн сайын бір рейспен шығарылады. Коттедждік секторда және өз бетінше салынған тұрғын үй аймақтарында қоқыс шығару бекітілген кестеге сәйкес айналма тәсілмен жүргізіледі.

ТКШ бөліміне қосымша контейнерлер орнату қажет контейнер алаңдарының мекенжайларын пысықтау тапсырылды, ал мердігер ұйымға қоқысты бекітілген кестеге сәйкес уақытылы және сапалы түрде шығару міндеттелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button