Новости

Жолдауды түсіндіру аясында студенттермен дөңгелек үстел өтті

 

Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру және оның негізгі бағыттарын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оларды түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында Жолдауда көтерілген цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту, адами капиталды күшейту және заманауи технологияларды экономиканың түрлі салаларына енгізу мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар жасанды интеллектінің білім беру, мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік саладағы рөліне ерекше назар аударды.

Дөңгелек үстелге қатысқан спикерлер Жолдауда айқындалған басымдықтардың елдің цифрлық трансформациясына серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге цифрлық дағдыларды дамыту, инновациялық ойлау мен жаңа технологияларды меңгерудің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өз пікірлерін ортаға салып, қызықтырған сұрақтарын қойды. Мұндай іс-шаралар жастардың мемлекеттік саясатты терең түсінуіне және елдің цифрлық болашағын қалыптастыруға белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button