Новости

Референдум аясында Ұлытау облысында қоғамдық пікір талқылауы өтті

Музей ғимаратында Ұлытау облысының әкімі Дастан Адаевич Рысбековтың қатысуымен Референдум тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жиынға өңірдегі саяси партиялардың басшылары, Ардагерлер кеңесінің өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында партия жетекшілері баяндама жасап, референдум аясында атқарылған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы айтып өтті. Сонымен қатар өткізілген кездесулер саны мен қамтылған тұрғындар туралы нақты мәліметтер ұсынылды.

Іс-шара соңында облыс әкімі жиналған қауымды алдағы Алғыс айту күнімен құттықтап, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы бірлескен еңбектің маңызын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button