Новости

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында коалиция мүшелері білім саласы қызметкерлерімен кездесті.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалицияның Ұлытау өңіріндегі мүшелері – Оразалы Бақырбаев, Светлана Оңғарбаева, Мұқағали Сейітқазы және Дарын Төлеубай Жезқазған қалалық білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ коалиция мүшелері жиналғандарды 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

 

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Білім саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button