Новости

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ШЕРУ ӨТТІ

Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Жаңаарқа ауданында «Ұлттық киім» шеруі ұйымдастырылды. Мәдени-сауық алаңында өткен мерекелік шараға аудан мекемелерінің ұжымдары мен тұрғындары қатысып, қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін насихаттады.

 

Іс-шараның ашылуында аудан әкімі Қанат Қожықаев жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен және Ұлттық киім күнімен құттықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар шараға арнайы келген Ұлытау облысы дін істері басқармасының басшысы Дулат Төлегенов облыс әкімінің құттықтауын жеткізді. Аудандық мәслихат төрағасы Юржан Бекқожин де тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

 

Шеру барысында 500-ден аса қатысушылар ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық киім үлгілерін киіп, олардың ерекшелігі мен әсемдігін көпшілікке көрсетті. Бұл шара ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, жас ұрпаққа дәстүрімізді насихаттауға бағытталған тағылымды мерекелік шараға айналды.

 

Осындай игі бастамалар ұлттық мұрамызды ұлықтап, халықтың бірлігін нығайта түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button