Новости
«Халық таңдауы – ел болашағы»

Ауданымызда «Халық таңдауы – ел болашағы» тақырыбында қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында ел дамуының негізгі бағыттары, азаматтардың белсенділігі, сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері халықтың пікірін ескеру – әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың басты негізі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында тұрғындарды қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуға, ел болашағына бейжай қарамауға шақыру мәселелері қозғалды.
Осындай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсатқа жетуге ықпал етеді.



