ЖЕЗҚАЗҒАНДА БИЫЛ 13 КӨШЕ МЕН ТЕМІР ЖОЛ ӨТКЕЛІНДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

2026 жылы Жезқазған қаласында жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Жоспарға сәйкес, жалпы ұзындығы 5,6 шақырымды құрайтын 13 көше мен 1 темір жол өткелінде орташа жөндеу жұмыстары атқарылады.
Жөндеу жүргізілетін көшелер:
• Алашахан даңғылы – Байқоңыров көшесінен Батыс айналма жолына дейін;
• Есенберлин көшесі – М. Жәлел көшесінен Шығыс айналма жолына дейін;
• Шығыс айналма жолы – Гагарин көшесіндегі айналма жолдан Тимирязев көшесіне дейін; (Темірязев көшесін кеңейту мүмкін болмағандықтан, оған параллель орналасқан көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі).
• Холмецкий көшесі – Пушкин көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
• Пушкин көшесі – Сәтбаев көшесінен Садовое кольцо көшесіне дейін;
• Қаражар көшесі – Сәтбаев көшесінен МАИ ғимаратына дейін;
• Бөгенбай батыр ықшам ауданының 7 көшесі:
Заводская, Щорса, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майкутова, Шинтуринов көшелері;
• Темір жол өткелі – Е-123 автомобиль жолынан А-17 «Қызылорда – Қарағанды» автомобиль жолына дейін. (Қазіргі таңда техникалық құжаттама ведомстволық сараптамадан өтуде).
Аталған жұмыстарды іске асыру үшін қалалық бюджеттен 780 миллион теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта 13 көше бойынша мердігер ұйымдар анықталып, тиісті мемлекеттік сатып алу келісімшарттары рәсімделді.



