Новости

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

2026 жылғы 24 сәуірде Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Таза өлке – Жалағаш» тақырыбында ауқымды экологиялық акция өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – қоғам арасында экологиялық жауапкершілікті нығайту, тазалық мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты табиғатты аялауға бағыттау.

Акция барысында Жалағаш ауданының әкімі арнайы сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту және келер ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдырудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі тал егу акциясы – болашаққа жасалған игі қадам. Әр отырғызылған тал – ертеңгі ұрпаққа қалдырылған аманат. Барша тұрғындарды табиғатты қорғауға және осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамын», – деді аудан әкімі А. Ибраимов.

Аталған акцияға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудан ақсақалдары, этнос өкілдері, аудандық аналар, әйелдер кеңесі мүшелері және мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, белсенді қатысып, белгіленген аумақтарға 550 түп ағаш отырғызды.

Сонымен қатар, елді мекен аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру, тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.

Шара барысында қатысушылар табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл игі бастама аудан көлемінде тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасын табатынын айқындайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button