Новости

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ДОМБЫРА – ҰЛТТЫҢ ЖҮРЕГІ, КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Жаңақорған кентінің «Prime Park» орталық саябағында ұйымдастырылған ерекше форматтағы мерекелік шараға тұрғындар мен қонақтар алдымен «Қазағымның дастаны – Домбыра» атты тақырыптық көрмені тамашалап, ұлттық мұрамыздың тарихы мен тағылымын танытатын құнды жәдігерлермен танысты.

 

Мерекелік кеш «Қос ішектегі – қазақтың ғұмыры» атты театрландырылған прологпен ашылды.

 

Тағылымды шараға жиналған аудан тұрғындары мен жас буын ұлттық құндылығымыз – домбыраны ұлықтап, күй күмбірін бірге шертіп, ұлттық өнерге деген құрметтерін паш етті.

 

Шара барысында аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнердің мерейін асқақтатқан концерттік бағдарламасын ұсынып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

#Домбыра күні #Конституция #Қызылорда #Жаңақорған

Басқа жаңалықтар

Back to top button