BasNewsНовостиПолитика

Заң мен тәртіп: алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына жол жоқ

Қазақстан Республикасында алкоголь өнімдерін өткізу және тұтыну заңмен реттеледі. Заң талаптарына сәйкес, құрамындағы этил спирті 30 пайызға дейінгі алкоголь өнімдерін таңғы сағат 08:00-ден кешкі 23:00-ге дейін, ал 30 пайыздан жоғары алкоголь өнімдерін 12:00-ден 21:00-ге дейін ғана сатуға рұқсат етіледі.

 

Сондай-ақ алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға заңмен тыйым салынған. Бұл талапты бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Құқық бұзушылықтың сипатына қарай жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салынып, қайталанған жағдайда лицензиядан айыруға дейінгі шаралар қолданылады.

 

Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге немесе қоғамдық тәртіпті бұзатын мас күйде жүруге де заңмен тыйым салынған. Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 

Заң талаптарын сақтау – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің және азаматтардың қауіпсіздігін қорғаудың маңызды кепілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button