Мнение

Семейдің кіре берісіне қақпа салынса…

Абай тойына 3 млрд ақша әртістермен конференцияларға жұмсалғанша халыққа жұмыс, мемлекетке салық төлейтін шағын өндіріс ошақтары салынса. Көшелер жөнге келтірілсе. Цемпоселок, компаселок, Бобровка, Мясокомбинат,Юнность, Шығыс кенті аудандарының ұсақ көшелері асфальтталып, жарық тартылса. Міне Семейдің халқы рас қуанар еді.
Тым құрығанда тойға тарту ретінде Семейдің кіре берісіне осындай қақпа салынса. Мемлекет ақша бөлсе, бөлмесе Семей топырағында туған азаматтар сый қылып тартар ма еді?! Әлемге «Абай» деп мақтанғанды ұнатамыз. Ертең әлем келіп Абай жүрген қаланы көрсе ұятқа қалмаймыз ба ағайын? Семей үшін жан ашыитын адам болсаңыз жәй қарап өтпеңіз. Бөлісіңіз. Ел қолдаса, ел басындағы азаматтар қолдаса салып та қалармыз.))) Әлихандар «Алаш» қаласы деп атаған киелі мекенді қазақ болып қадірлемесек өзге ешкімге керегі емес.

Думан Мұқаметқали

Back to top button