Новости
Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Заң мен тәртіп қағидатын орнықтыру, есірткі қылмысы мен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында Қызылорда қаласында профилактикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындарға есірткінің зияны, оның заңсыз айналымының салдары және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, азаматтарға есірткі қылмысының алдын алуда қоғамның белсенділігі мен қырағылығының маңызы жеткізілді.



