Общество
Trending

Қазақстанның көкпаршыларына қарсыластар анықталды!

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпардан жеребе тарту рәсімі өтіп, ұлттық құрамалардың топтық кезеңдегі қарсыластары белгілі болды.

Қырғызстанның Ыстықкөл өңірінде өтетін дүбірлі додада жеті мемлекеттің көкпаршылары бақ сынайды. Жеребе нәтижесінде командалар екі топқа бөлінді.

А ТОБЫ:

* 🇰🇬 Қырғызстан

* 🇺🇿 Өзбекстан

* 🇦🇫 Ауғанстан

* 🇲🇳 Моңғолия

В ТОБЫ:

* 🇰🇿 Қазақстан

* 🇷🇺 Ресей

* 🇭🇺 Венгрия

Қазақстан ұлттық құрамасы топтық кезеңде Ресей және Венгрия командаларымен кездеседі.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы ең тартысты бәсекелердің бірі саналатын көкпар додасында әр құрама ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінуге күш салады.

Алда — тартысты кездесулер, шешуші салымдар мен намыс сыналатын бәсеке!

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры

Бас серіктес: Спортты қолдау қоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button