«Qarmet» еңбек ұжымымен өндіріс саласының өзекті мәселелері талқыланды

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Qarmet» АҚ-ның №3 табақ илемдеу цехында кәсіпорын қызметкерлерімен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Ербол Исмаилов, Абай Калыков, Наиль Мунасипов, Алтай Елжасов, Данияр Сакенов, Асель Ыдрышканова және Газиза Улыкманова қатысты.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, өндіріс орындарын жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.
Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.
— «Өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрақты жұмысы өңір экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан өндірісті жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмысшылардың құқықтары мен әлеуметтік жағдайын қорғау маңызды. Бұл бағытта еңбек ұжымдарының пікірлері мен ұсыныстары ескерілуі қажет», – деді кандидат Ербол А. Исмаилов.
Кездесуге 70-ке жуық адам қатысты.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.



