«БОЛАШАҚ ҮШІН АҒАШ ОТЫРҒЫЗАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясындағы «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» акциясына қатысты. Акцияның мақсаты — «Таза Қазақстан» бастамасын қоғамда кеңінен насихаттау және ілгерілету.
Аумақтарды көгалдандыру және табиғатты сақтау жауапкершілігін қалыптастыру. Отырғызылған әрбір ағаш — экологиялық ахуалды жақсартуға қосылған үлес әрі болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың белгісі.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, қала әкімі, облыстық басқарма басшылары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің және «Әділет» партиясы филиалының еріктілері — барлығы 150-ден аса адам қатысты.
275 түп тал отырғызылды, оның 25-і — арша және 250-і — терек көшеті.
Акция аясында барлық ауданда тал егу шаралары өткізілді. Оған 9163 адам қатысып, 5875 түп көшет отырғызылды.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі



