Новости

ИНВЕСТИЦИЯ МЕН КӘСІПКЕРЛІК – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау – жаңа жұмыс орындарын ашудың, өндірісті дамытудың және экономиканы әртараптандырудың маңызды тетігі.

 

Ұлытау облысында инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

 

2026 жылы өткен «Ulytau Invest–2026» Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы аясында жалпы құны 368,6 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды.

 

Бұл бастамалар өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым және қалалық ортаны дамыту бағыттарын қамтиды.

 

Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлерге қаржылық көмек көрсету және жаңа бизнес жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастыру маңызды міндет болып қала береді.

 

Әрбір жаңа инвестиция – өңірдің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтетін қадам!

 

#ҰлытауОблысы #Инвестиция #Кәсіпкерлік #UlytauInvest

Басқа жаңалықтар

Back to top button