BasNewsНовости

Үкімет резерві арқылы тағы 1,2 млн ПТР-тест жүйесі сатып алынады

Үкімет резерві арқылы отандық және шетелдік тауар өндірушілерден тағы 1,2 млн ПТР-тест жүйесі сатып алынады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Осы жылдың наурыз айынан бері Қытайдан жалпы сомасы 3 млрд теңгеге 696 мың тест-жүйесі сатып алынды. Бүгінге дейін Қазақстан аумағында 1 млн 700 мың зерттеу жүргізілді (ПТР-тест). Оның 971 мың зерттеуі Ұлттық сараптама орталығында жасалды. Қалған тесттер жеке медициналық ұйымдар мен медициналық ұйымдардың зертханаларында алынды», — деді Т. Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы қазіргі уақытта отандық тауар өндірушілерден де, шетелден де тест-жүйелерін сатып алу көзделіп отырғанын атап өтті.

«Ұлттық сараптама орталығының барлық филиалында отандық тауар өндірушілердің тест-жүйесін қолдану көзделуде. Үкіметтің резерві аясында 1,2 млн зерттеу жүргізу үшін тест-жүйелерін сатып алу жоспарланған. Отандық болсын, шетелдік болсын тест-жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар бар. Осы талаптарға барынша сәйкес келетін тест-жүйелері ғана сатып алынады», — деді ол.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button