BasNewsЖаңалықтар

Алматыда жасөспірім қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген әйел ұсталды

Алматыда жеңгетай кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Жақында Алматы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары барысында клиенттерге интимдік қызмет көрсетілетін пәтерді анықтады. Пәтерде 2004 жылғы кәмелетке толмаған қыз болған, ол осы пәтерде интимдік қызмет көрсеткен», – делінген Polisia.kz сайтында.

Белгілі болғандай, Алматы облысы Кербұлақ ауданының тумасы жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button