BasNewsЖаңалықтар
ШҚО коронавирус жұқтырғандар саны бойынша «қызыл аймаққа» енді
Шығыс Қазақстан облысы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша «қызыл аймаққа» енді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz
Өңірлердің аймақтарға бөлінуі екі көрсеткішке байланысты. Біріншісі-R көрсеткіші, яғни инфекцияның науқастан байланыста болған адамға тарауы. Екіншісі – соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында бір тәулікте 226 адамнан коронавирус анықталған.



