BasNewsЖаңалықтар

Қостанайда әйелге пышақпен шабуыл жасалды: күдікті ұсталды

Қостанайда ер адам пышақпен әйелге шабуыл жасады, – деп хабарлайды BasNews.kzШабуыл видеобақылау камераларына түсіп қалған. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі 14 қарашада сағат 14.30-да Гагарин көшесінде 38 жастағы әйелге жасалған шабуыл дерегі бойынша «Кісі өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта күдікті – Қостанай қаласының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салған, қазір әйел ауруханаға жеткізілді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді полициядағылар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button