BasNewsЖаңалықтар
Қытай ғалымдары квант компьютер шығарғанын мәлімдеді

Қытай ғалымдары Google прототипінен 10 миллиард есе жылдам және әлемдегі ең мықты квант компьютер дайындағанын мәлімдеді. Мұндай жылдамдық физикалық күрделі сараптамаларды есептегенде қажет, – деп хабарлайды BasNews.kz Xinhua басылымына сілтеме жасап.
Қытайлық ғалымдар компьютерді тестілеу нәтижесін Science журналында жариялады. Квант компьютерлердің суперкомпьютерлерден ерекшелігі – олар күрделі есептеу жүйесін тез жүзеге асыра алады. Олар квант механикасын пайдаланып, бит бірлігімен (0 немесе 1) емес, кубитпен (бір уақытта 0 және 1 бола алады) жұмыс істей алады.


