BasNewsЖаңалықтар

Қытай ғалымдары квант компьютер шығарғанын мәлімдеді

Қытай ғалымдары Google прототипінен 10 миллиард есе жылдам және әлемдегі ең мықты квант компьютер дайындағанын мәлімдеді. Мұндай жылдамдық физикалық күрделі сараптамаларды есептегенде қажет, – деп хабарлайды BasNews.kz Xinhua басылымына сілтеме жасап.

Қытайлық ғалымдар компьютерді тестілеу нәтижесін Science журналында жариялады. Квант компьютерлердің суперкомпьютерлерден ерекшелігі – олар күрделі есептеу жүйесін тез жүзеге асыра алады. Олар квант механикасын пайдаланып, бит бірлігімен (0 немесе 1) емес, кубитпен (бір уақытта 0 және 1 бола алады) жұмыс істей алады.

Xinhua мәліметінше, Қытай үшін бұл – «есептеу жүйесіндегі аса маңызды жаңалық» және квант есептеуіндегі толық масштабтағы жетістіктің бірінші кезеңі. Кәдімгі компьютерлер белгілі бір уақытта мұндай сандарды есептей алмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button