BasNewsЖаңалықтар

Көпбалалы аналарға пойыз билетін жеңілдікпен алуға мүмкіндік жасалмақ

Елімізде көпбалалы аналарға арналған теміржол жеңілдік картасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы жолаушы вагондары паркін жаңарту және билет жетіспеушілігін жою мақсатында Маңғыстау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Атырау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Алматы-Атырау, Маңғыстау-Алматы және Нұр-Сұлтан-Сарыағаш бағыттарына 109 вагон сатып алынды», – дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев.

2019 жылы жолаушылар құжаттары толық электронды жүйеге көшкен.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға 50% жеңілдігі бар тарифтер ұсынылды. Болашақта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, көпбалалы аналарға арналған жеңілдік картасы жасалады», – дейді ол.

Вице-министр сондай-ақ, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында вагондар паркін жаңарту жұмысы жалғасын табатынын айтты. 2025 жылға дейін 600 жолаушы вагонын алу жоспарланған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button