Димаш Құдайберген сұраныстағы әншілердің көшін бастады

Димаш Құдайберген сұралымы көп әртіс ретінде MTV’s Friday Livestream-де бірінші орынды иеленді, – деп хабарлайды BasNews,kz.
«2020 жылдың 2 қазанында өткен Димаштың MTV-дегі дебютінен кейінгі сәттен бастап алғаш рет қазақстандық орындаушы осындай көрсеткішке қол жеткізді. Осы аптада Twitter-де Димашқа берілген дауыс саны 1,1 миллионға жетті. 19 апта бойы осы жеңіске жету үшін көп күш салған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қымбатты, керемет және теңдесіз Dears-ке үлкен рақмет!», – делінген әншінің Instagram-дағы жаңалықтар парақшасында.
Ал, әнші өз парақшасында: «Менің «Across Endless Dimensions» әніне түсірген бейнебаяным MTV USA today-де бірінші орынға ие болды. Дауыс бергендеріңіз үшін көп рақмет. Сіздер әрдайым мені қолдап-қоштап жүресіздер. Көп рақмет», – деп жазды.



