BasNewsЖаңалықтар

70 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қазақстанда 69 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы егілді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді, – деп хабарлайды BasNews.kz.

15 наурыздағы жағдай бойынша, «Спутник V»-ның бірінші компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 69 095 адам. Вакцинаның екінші компонентін 18 807 адам қабылдады.

Айта кетейік, 5 наурыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда бірінші компонентпен вакцинацияланған адамдардың жалпы саны 28 388 болған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталды. Алғашқы болып дәрігерлер егіле бастады. Ал 1 наурызда Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпені педагогтер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады. Бұл топта вакцинацияланғандар тізімінде 15 мыңнан аса адам бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button