BasNewsЖаңалықтар

Елордадағы Достық үйінде Наурыз мейрамының басы – Көрісу мерекесі атап өтілді

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастыруымен «Көрісу күні» мерекесі тойланды, деп хабарлайды BasNews.kz.

14 наурызда еліміз Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

Елордадағы Достық үйінде Фанида Мұқатайқызының жетекшілігімен Көрісу күні тойланып, оған барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Мерекелік кеште Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл толқындары» ардагерлер ансамблі өз өнерін көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button