BasNewsЖаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің лауазымды қызметкері қару-жарақ саудасымен айналысқан

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қару-жарақ ұрламақшы болғандарды ұстады, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Комитеттің мәліметінше, Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 тапанша, 1700-ден аcа патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған. Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды», – делінген хабарламада.


© ҰҚК

27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыруға сотталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button