Жаңалықтар
СҚО-да бір жасар бала коронавирустан қайтыс болды

СҚО-да бір жасар бала COVID-19-дан қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі жергілікті 7152 порталына сілтеме жасап.
«Соңғы үш күнде төрт адам коронавирустан қайтыс болды, олардың бірі – 1 жас 2 айлық бала», – деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Басқарма ақпараты бойынша, ата-ана мен жақын адамдар коронвирусқа қарсы вакцина алса, өлім-жітімнің алдын алуға болады. Балаға вирус тек ересектерден жұғуы мүмкін.



