Алматы облысында шенеунік 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігер ұйым басшылығына қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Басқарма басшысы ЖШС басшылығынан «Бизнестің жол картасы-2025″ мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат есебінен салынатын жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурсында ЖШС-ны жеңімпаз деп танығаны және нысанда орындалған жұмыстардың көлемін кедергісіз қабылдағаны үшін облыс аумағында нысан салу бойынша шарт сомасының 666 миллион теңгені құрайтын 15 пайызы есебінен қайтару ретінде 90 миллион теңгеден 33 500 доллар (14 304 500 теңге) сомасында пара алды», – делінген хабарламада.
Шенеунік, құрылтайшы және ЖШС директоры аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталып, Алматы облысында уақытша ұстау изоляторына қамалды.



