BasNewsЖаңалықтар
Қазақстандық телерналар Олимпиада трансляциясын сатып алды

Токиода өтетін Олимпиада-2020 Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстандық арналар телетрансляция құқығын сатып алу туралы келісімге келген. Осылайша, Олимпиада ойындары Qazsport, Qazaqstan және «Хабар» арналарынан көрсетіледі.
Бұған дейін Олимпиада ойындарын трансляциялаудың құқық иесі Қазақстаннан өте үлкен сома сұрағаны хабарланған болатын.
Токиодағы Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.



